Профи-бокс
21 қаңтар 2022 18:11
 

"Головкиннің жеңісін төрешілер ұрлап алды". Мексикалық бапкер "Канелоны" сынап тастады

  Пікірлер

blog.share

"Головкиннің жеңісін төрешілер ұрлап алды". Мексикалық бапкер "Канелоны" сынап тастады ©Fightnews.info

Мексикалық бапкер Игнасио Беристайн супер орта салмақтағы әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альваресті (57-1-2, 39 КО) әлемнің үздік боксшысы деп мойындамайтынын айтты, деп жазады vRINGe.com порталы. 

blog.share

Мексикалық бапкер Игнасио Беристайн супер орта салмақтағы әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альваресті (57-1-2, 39 КО) әлемнің үздік боксшысы деп мойындамайтынын айтты, деп жазады vRINGe.com порталы. 

"Иә, ол жақсы боксшы. Өйткені "Канело" Эдди Рейносоның жаттығу залында тынбай еңбек етеді. Бірақ мен оны Мексиканың бокс тарихындағы ең ұлы боксшылардың бірі деп атай алмаймын. Біз үшін ең маңызды дүние - мексикалық жанкүйерлердің жүрегін жаулап алу. Ал менің ойымша, Сауль әлі мұны істемеді. Оған әлі бірнеше мықты кездесу өткізу қажет. "Канело" демалмайды, үнемі кездесу өткізеді. Бірақ оған әлі Хулио Сезар Чавес секілді мықты кездесулер жетіспейді. Мұны мен бапкер ретінде айтып отырмын.

Альварестің Калеб Плантқа қарсы кездесуін көрмедім. Көруге тұрарлық айқас емес. Осы жекпе-жектен кейін мықты бапкерлер маған қоңырау шалып, "айқас емес, әуйесқой қойылым" болғанын айтты. 

Ал Головкинге қарсы кездесуде төрешілер қазақстандық боксшының жеңісін ұрлап алды. Шынымды айтсам, ол айқаста мен мексикалықтың жеңгенін қаладым. Алайда дәл осылай емес. Яғни, төрешілердің көмегімен емес, өзі жеңгенін күткен едім", - деді бапкер. 

Еске салайық, Головкин 2017 және 2018 жылдары Лас-Вегаста екі мәрте кездесті. Бірінші жекпе-жек тең аяқталса, екінші кездесуде "Канело" төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!