Қазақстандық боксшы Али Ахмедов (18-1, 14 КО) америкалық Гарбриэль Росадомен (26-15-1, 15 КО) кездесу өткізуге тас-түйін дайын екенін мәлімдеді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Бұл боксшылардың жекпе-жегі 17 қыркүйек күні Лас-Вегаста Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) - Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) андеркардында өтеді.
"Біз дайынбыз", - деп жазды Ахмедов Instagram парақшасында.
Айта кетейік, бұл айқаста супер орта салмақта Солтүстік Америка құрлығының IBF чемпиондық белбеуі сарапқа салынады.
Еске салайық, Росадо 2013 жылдың қаңтар айында Нью-Йорк (АҚШ) қаласында кездесіп, жетінші раундта нокаутпен жеңілді.