Головкиннің екі кездесуі бокс тарихында ең көп ақша жинаған айқастардың қатарына қосылды

Сурет: HBO Boxing
Қазақстандық бокс Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) арасындағы екі кездесу World Boxing News нұсқасы бойынша бокс тарихында ақша ең көп жинаған жекпе-жектердің қатарына қосылды, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

WBN бокс тарихындағы ең табысты кездесулерді зерттеп шығыпты. Оның қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес арасында өткен екі кездесу табысты айқастардың қатарына қосылған. 

2017 жылы қыркүйек айында өткен бірінші кездесуде 100 миллион доллар түскен екен. Ал 2018 жылдың қыркүйек айында өткен екінші кездесуде 17 миллион долларға көп табыс келген. Сөйтіп, бұл екі кездесу бокс тарихындағы ең табысты деген кездесулердің ішінде 18 және 24 орын бұйырыпты. 

Ал бокс тарихындағы ең табысты кездесу Мұхаммед Әли мен Джорд Формен арасындағы айқас. 1974 жылдың 30 қазанында өткен бұл кездесуде 510 миллион табыс түскен. Ал "ғасыр жекпе-жегі" атағы берілген Флойд Мейвезер мен Мэнни Пакьяо арасындағы кездесуде 500 миллион кіріс кірген. 

Бокс тарихындағы ең табысты кездесулердің ондығы:

Мұхаммед Әли - Джордж Формен (30.10.1974) - 510 миллион доллар;
Флойд Мейвезер - Мэнни Пакьяо (02.05.2015) - 500;
Флойд Мейвезер - Конор МакГрегор (26.08.2017) - 500;
Мухаммед Али - Джо Фрэзер III (01.10.1975) - 500;
Мухаммед Али - Джо Фрэзер I (08.03.1971) - 300;
Майк Тайсон - Эвандер Холифилд II (28.06.1997) - 281;
Флойд Мейвезер - Оскар Де Ла Хойя (05.05.2007) - 200;
Майк Тайсон - Питер Макнили (19.08.1995) - 177;
Флойд Мейвезер - Рикки Хэттон (08.12.2007) - 160;
Флойд Мейвезер - Сауль Альварес (14.09.2013) - 160.


Метки:
Жаңалықтар