Дереккөздің ақпараты бойынша, қылмыс 23 шілде күні жасалған. Боксшы қамау туралы рұқсат қағазын Чарльз округінің шерифі 28 тамыз күні шығарылып, 8 қыркүйек күні Уэйдге берілген. Содан соң боксшы қамауға алынған.
Бұл іске қатысты бірінші отырыс 6 қазан күні өтеді.
Айта кетейік, Уэйд бұған дейін өзінің баласының анасына зорлық-зомбылық көрсеткені үшін жауапқа тартылған.
2016 жылы америкалық боксшы отандасымыз Геннадий Головкиннің қарсыласы болған еді. Жекпе-жек Лос-Анджелес қаласында өтіп, қазақстандық боксшы екінші раундта нокаутпен жеңіске жеткен.