Орта салмақтағы WBA және IBF белбеуінің иегері Дэниэл Джейкобс келесі кездесуін 2020 жылдың соңына қарай өткізеді. Бұл туралы Sports Illustrated және DAZN тілшісі Крис Мэнникс хабарлап отыр.
"Дэниэл Джейкобс келесі жекпе-жегін жыл соңына дейін өткізеді. Ол Matchroom Boxing компаниясы ұйымдастыратын шоуда шығады. Қазір оған қарсылас болады деген екі боксшы бар. Біріншісі орта және бірінші орта салмақта әлем чемпионы атағына үміткер болған Габриэль Росадо және Джон Райдер. Осы екі боксшының бірі Джейкобстың қарсыласы болуы мүмкін",- деп жазады тілші.
Айта кетейік, Джейкобс 2017 жылы қазақстандық Геннадий Головкинмен кездесіп, төрешілердің шешімі бойынша жеңіліп қалды. Ол соңғы кездесуін желтоқсан айында өткізіп, Хулио Сезар Чавестен үстем түскен еді.
Джейкобстың қарсыласы болуы мүмкін деген Росадо да Головкинмен кездескен. Бұл кездесу 2013 жылдың қаңтар айында өтіп, жетінші раунда қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталған.