Кәсіпқой бокс
13 сәуір 2017 16:35
 
Головкиннің бір жекпе-жегін ұйымдастыру үшін қанша ақша кетеді?

  Пікірлер

blog.share

Головкиннің бір жекпе-жегін ұйымдастыру үшін қанша ақша кетеді? ©ringodds.com

Кәсіпқой бокс бүгінде кәсіп. Нағыз табыстың көзі. Өйткені, қазіргі уақытта кез-келген ұйымның бокс кешін ұйымдастыру қомақты қаржыны талап етеді. Бокс кешін ұйымдастыратын кешеннен, жарнамадан, ұйымдастырушылар кеңестерге жекпе-жек үшін және белбеу үшін де ақша төлеп тұрады. Тіпті жекпе-жекті өткізуге да қазір қаржы төлеу керек. Рұқсат алу үшін. Осы орайды Vesti.kz порталы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бір жекпе-жекке қанша шығындалатынын және чемпиондық белбеу үшін қанша жарна төлеп тұратынын есептеп көрді. 

Жекпе-жектердің ішінде бұрнағы күні чемпиондық кездесулерді ұйымдастыру қымбатқа түседі. Ал өзге кездесулерді азын-аулақ ақшаға ұйымдастыруға болады. Сонымен қатар жекпе-жекті ұйымдастырудың қаншалықты қымбат болатыны кездесуде қанша белбеу сарапқа салынатынына да байланысты. Әр ұйымның нақты белгілеп қойған бағасы бар. Мысалы, Головкиннің командасы қазақстандық боксшының жекпе-жегін ұйымдастыру үшін WBC, WBA, IBO,  IBF секілді ұйымдардың барлығына белгіленген жарнаны төлеп отыруы керек. Бұл тек жекпе-жекті өткізуге рұқсат алу үшін төленетін жарна. 

Одан бөлек, жекпе-жекті ұйымдастырудың құны боксшылардың сыйақыларына да тікелей байланысты. Оның да бірнеше категориясы бар: 100 мың долллардан басталып, 100 мың мен 500 мың және 500 мың доллардан көп жарна төлейді. Бұл жерде әр ұйымның жарнасы әртүрлі екенін ұмытпағанымыз жөн. Мәселен, Головкиннің жекпе-жегін ұйымдастыру үшін оның промоутерлері бокс кеңестеріне 500 мыңн доллардан көп ақша төлеп отырады. Өйткені, қазақстандық боксшының айқас үшін алатын сыйақысы да жоғары. 

Мұндай жарнаны жекпе-жек кешіне қатысатын барлық боксшылардың төлеуі міндетті. Егер боксшы жекпе-жекке дейін аталған сомманы төлемейтін болса, оның жеңіп алған белбеуі бос болып тұрады. (Жанат Жақиянов осындай жағдайға тап болды). 

IBF кеңесінде ауыр салмақта өнер көрсететін боксшылар мен жеңіл салмақта өнер көрсететін боксшылардың жарнасы әртүрлі. Ал ұйымның шартына промоутердің жыл сайынғы жарнасы, төрешілердің жалақысы, супервайзерлердің ақшасы, белбеудің құны, әртүрлі стипендия, жүріп-тұрудың құны, бокс кешінің ресми өкілдерінің шығыны, сақтандыру секілді компоненттер кіреді. 

Ал WBA ұйымының кеңесінде шарттар бұдан да асып түседі. Бірақ олардың кейбірі жекпе-жектің деңгейіне де байланысты болады. Мұның барлығы да рұқсат алып, ақша төленгенге дейін шешілуі керек. 

Енді Головкинге қайта оралатын болсақ, оның промоутері қазақстандық боксшының жекпе-жегін ұйымдастыру үшін қыруар ақшаға шығындалады. Назарларыңызға сол шығындарды ұсынамыз. 

WBC. Промоутердің лицензия үшін 25 мың доллар. Боксшының лицензиясы - 3 мың, сақтандыру 1500, реферилердің қызметі - 3150, төрешілердің жұмысы үшін - 7350, супервайзерге 1000 мың доллар, сонымен қатар ұйымның өзіне ең аз деген 3 мың доллар жарна беру керек. Жалпы осылайша жекпе-жек үшін 44 мың доллар кетеді. Бір ескеретін жәйт, боксшы мен промоутердің лицензиясы үшін жарна жылына бір рет төленеді. Одан бөлек, WBC есебіне жекпе-жектен түскен сыйақының 3 пайызы аударылады. 

IBF. Бұл ұйымның бір жылдық промоутерлік лицензиясы 4 мың доллар тұрады. Жекпе-жекке рұқсат алу - 3500 доллар, супервайзер - 1000, рефери - 2800, төреші - 6 мың доллар алады. Егер керек болып жатса белбеу үшін тағы қосымша бір мың доллар төленеді. Жалпы ұйымның жекпе-жегі үшін 18 300 доллар кетеді. Головкин бірден үш бірдей белбеуді қорғап жүргендіктен бұл ұйымға табыстың үш пайызы емес, екі пайызы түседі. 

WBA. Бұл ұйымның ережесі тұрақты емес. Өйткені жарнаның көрсеткіші де жиі өзгеріп тұрады. WBA ұйымында жарна алудың көп жолдары қарастырылған. Промоутер 25 мың доллар, менеджердің лицензиясы - 1200 доллар, сақтандыру - 3 мың, супервайзер - 1000, төрешілерге - 3100 доллар, егер сыйақының көлемі 5 миллионнан асатын болса, төрешілер 3500 доллар алады. Ал жекпе-жектің рұқсаты бұл ұйымда 20 мың доллар тұрады. Жалпы WBA жекпе-жегін өткізу үшін 65 700 доллар кетеді. Табыстың үш пайызы ұйымның есепшотына кетеді. 

IBO. Жекпе-жектерді өткізуге ең аз жарна мен шығын кететін ұйым. Промоутердің жыл сайынғы лицензиясының құны - 2 мың доллар тұрады. Бірақ бұл жерде промоутерлік төлем деген бар. Яғни, жекпе-жек үшін промоутер ұйымға 10 мың доллар төлеуі керек. Рефери - 3 мың, төрешілер - 6 мың, комиссия - 1000 доллар алады. Жалпы 22 мың доллар кетеді. Табыстың үш пайызы ұйымның есепшотына кетеді. 

Демек Головкиннің жекпе-жектерін ұйымдастыру үшін Леффлер төрт ұйымға жарна беріп отыруы керек. Оның көлемі шамамыен 150 мың доллардай болады. (Жоғарыдағы сандарды есте сақтап қалуларыңызды сұраймыз

Жоғарыда біз боксшының промоутері түскен пайданың үш пайызын ұйымға беретінін айттық. Головкиннің кездесуін ұйымдастыру үшін 150 мың доллар (жоғарыдағы ұйым жарналарының қосындысы) көлемінде жарна төлейді. Енді осы мәселені қарастырсақ. Өйткені, Леффлер Головкиннің соңғы бес кездесуін әжептеуір шығындалып қалды. 

Головкин - Монро (жалпы табыс 1,6 миллион доллар ). Оның үш пайызы 48 (үш ұйым - IBO, WBA, WBC) мың доллар, екі пайызы 32 (IBF) мың доллар. Жалпы 176 мың доллар. Оған жоғарыдағы 150 көлеміндегі жарнаны қосыңыз. Осылайша шығын 326 мың долларға жетеді. 

Головкин - Лемье (жалпы табыс 3,5 миллион доллар).  Үш пайыз 105 (үш ұйым - IBO, WBA, WBC) мың доллар, екі пайыз 70 (IBF) 70 мың доллар. Жалпы 385 мың доллар. Қосымша жарналармен бірге жалпы шығын 535 мың доллар. 

Головкин - Уэйд (жалпы табыс 2,5 миллион доллар). Үш пайыз 75 (үш ұйым - IBO, WBA, WBC) мың доллар. Екі пайыз 50 (IBF). Жалпы 275 мың доллар. Плюс 50 мың доллар. Леффлердің шығыны 425 мың болған. 

Головкин - Брук (жалпы табыс 8 миллион доллар). Үш пайыз 240 (үш ұйым - IBO, WBA, WBC) мың доллар. Екі пайыз 160 (IBF). Жалпы 880 мың доллар.  Оған 150 мың долларды қосамыз және шығын 1 030 000 мың доллар. 

Головкин - Джейкобс (жалпы табыс 4,25 миллион доллар). Үш пайыз 127 500 (үш ұйым - IBO, WBA, WBC) доллар. Екі пайыз 85(IBF). Жалпы 467 500 доллар. Шығын 617 500 доллар. 

Бұл шығындарға тағы боксшылардың жүріп-тұруы, жарнама, спорт кешеніне берілетін ақша және жаттығу лагерлерінде кеткен соммаларда қосылады. 

Айта кетейік, біз санамалап берген шығынды жүз пайыз дұрыс деп айтуға келмейді. Өйткені келіссөздер барысында арнайы жеңілдіктер қарастырылуы ықтимал. Сонымен қатар табыстың басқа да түрлері бар. Тіпті жылына бір рет ғана төленетін жарналар бар. Сол себепті Головкиннің бір жекпе-жегінде қанша ақша шығындалатынын Леффлерден басқа ешкім есептен шыға алмайтын шығар. Ал біздің есебіміз бойынша Леффлер Головкиннің соңғы бес кездесуінде 2 933 500 доллар шығындапты. 

Жарнама

Живи спортом!