Профи-бокс
23 мамыр 2017 14:33
 
Головкиннің бапкері қазақстандықтың Сондерспен жұдырықтаспай қалғаны дұрыс болғанын айтады

  Пікірлер

blog.share

Головкиннің бапкері қазақстандықтың Сондерспен жұдырықтаспай қалғаны дұрыс болғанын айтады © kazpravda.kz

Қазақстандық Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес маусымға жоспарланған WBO чемпионы Билли Джо Сондерспен жекпе-жектің неліктен өтпегені туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшылардың промоутерлері келіссөздер өтікізіп, жекпе-жек Қазақстанда өтеді деген шешімге келген еді. Алайда кейін Головкиннің командасы бұл жекпе-жектен бас тартып, бар күшті Сауль "Канело" Альвареспен жұдырықтасуға бағыттау керек деп шешті.

"Том Леффлер (GGG-дің промоутері), Эрик Гомес және Оскар Де Ла Хойя ("Канелоның" өкілдері) Джейкобспен болған жекпе-жектен кейін келіссөз жүргізген сияқты. Альвареспен жекпе-жекті жеделдету үшін Сондерспен жұдырықтасудан бас тарту керек болғанға ұқсайды.

Біз бұл шешім арқылы тек ұттық деп ойлаймын. Біз 6 мамырда "Канелоның" жекпе-жегі немен аяқталарын көруімізге тура келді. Ал соңында жанкүйерлер боксшыларымыздың көз арбасуына куә болды. 16 қыркүйекте жақсы жекпе-жек болады.

Жанкүйерлер ұзақ күту керек болады деп қорыққан шығар, Мейвезер-Пакьяо жекпе-жегін күткендей. Бұл жолы бірнеше жыл ғана керек болды. Кейде промоутерлердің өз жоспарлары болады, ал біз аздап шыдамдылық танытуымыз керек", - дейді Санчес On the Ropes Boxing Radio радиосына берген сұхбатында. .

Сонымен қатар, Леффлер Головкин өзіне жетпей тұрған WBO белбеуіне ие болу ойынан таймағанын айтады.

Ал Сондерс жыл соңына дейін Головкин немесе "Канеломен" кезедесуге ниетті. Бұдан бұрын Сондерс 8 шілдеде грузиялық боксшы Автандил Хурцидземен жұдырықтасып, белбеуін қорғап қалуы керек.

Жарнама

Живи спортом!