Головкиннің бапкері "Канелоға" қарсы қандай жоспар құрғанын айтты

©boxingscene.com

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (42-1-1, 37 КО) бапкері Джонатан Бэнкс мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альвареске (57-2-2, 39 КО) қарсы кездесуге қандай жоспар құрып отырғанын айтты. 

"Басты мақсат - жақсылап дайындалу. Яғни, Головкиннің нақ бабында болуы. Бізге төбелестің қажеті жоқ. Алдымен қысым көрсетіп жұдырықтасып, қарсыласқа жақындап алу керек керек. Алыс қашықтықтан жұдырықастан да бізге қажет емес. Мен олардың жақын дистанцияда жұдырықтасқанын қалаймын. Мен Головкинді осыған дайындаймын. 

"Канело" қарсыласынан қатты басым болмаса да жеңіс соған беретініне үйреніп қалған. Бірақ, мамырда Дмитрий Биволға қарсы кездесуде барлығы өзгерді. Ол ұпаймен жеңілді. Демек енді ол Головкинге қарсы кездесуде мүлде басқа стильде жұдырықтасады. Енді екеуіне де нокаут керек. Бұған дейін нокаут туралы тек Головкин айтып жүр еді. Енді Альварес те мұны айта бастады", - деп келтіреді Бэнкстің сөзін vRINGe.com порталы. 

Айта кетейік, трилогия 17 қыркүйек күні Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile спорт кешенінде болады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар