Профи-бокс
23 маусым 2018 15:55
 
Головкиннің бапкері: "Канело" нокаутқа түсіп қалғысы келмесе қашып жүруі тиіс

  Пікірлер

blog.share

Головкиннің бапкері: "Канело" нокаутқа түсіп қалғысы келмесе қашып жүруі тиіс © si.com

Орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес Сауль "Канело" Альварес 15 қыркүйекте өтетін жекпе-жекте рингте қашып жүретін болса ғана нокауттан аман қалады деп есептейтінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Екеуі де ашулы, "Канело" Головкинді ұрып жыққысы келсе көп соққы жасауы қажет, ал бұл Головкиннің оны нокаутқа түсіреді деген сөз. Сонда ғана кімнің көп соққы жіберіп алатынын көреміз. Нокаутқа түсіп қалмауы үшін Альварес қашып жүруі керек болады. GGG шабуылға көшеді, себебі нокаутпен жеңгісі келеді. Біз бірінші рет жұдырықтасқандай айқасамыз, себебі өткен жекпе-жекте біз жеңдік деп есептейміз. Иә, баспасөөз мәжілістері болмайды. Осыған дейін бір рет өткіздік, бірақ енді промомен айналысамыз. Бұл жекпе-жекті жарнамалаймыз, бұл бізге сөзсіз қаежет. "Канело" промомен айналысқысы келмесе, біздің басқа шарамыз жоқ", - деді Санчес ESPN Deportes басылымына берген сұхбатында.

Еске салайық, Голвокин мен Альварес өткен жылдың қыркүйегінде Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында жұдырықтасып, тең түскен еді. Тараптар 15 қыркүйекте өтетін екінші жекпе-жекке әрең дегенде келісімге келді. 

Жарнама

Живи спортом!