Профи-бокс
21 ақпан 2018 12:09
 
Головкиннің бапкері "Канело" жеңіске жетсе үшінші кездесу өтпейтінін айтып қалды

  Пікірлер

blog.share

Головкиннің бапкері "Канело" жеңіске жетсе үшінші кездесу өтпейтінін айтып қалды Головкин және Альварес. Сурет: boxingscene.com

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) бас бапкері Абель Санчес қазақстандық боксшы мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы үшінші кездесудің қаншалықты өтуі мүмкін екенін айтып берді. 

Головкин мен "Канело" арасындағы бірінші кездесу 16-қыркүйек күні Лас-Вегаста өтіп, төрешілердің шешімімен тең аяқталып еді. Енді екі боксшы екінші рет 5-мамыр күні кездеседі. Бірақ жекпе-жектің қайта өтетіні белгісіз.Сондай-ақ екінші кездесудің келісімшартында реванш туралы қарастырылмаған. 

"Менің ойымша, қазір боксқа осындай жекпе-жектер жетіспейтін секілді. Барлығы екінші кездесудің қалай өтетініне байланысты болады. Егер "Канело" төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетсе, ол Головкиннен қашып, үшінші кездесу өтпейді. Бірақ бұл теке-тіреске трилогия керек. Боксқа осында кездесулер керек", - дейді Санчес Boxingtalk.com порталы. 

Бұған дейін орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО) болса Головкинді алда қиын кездесу күтіп тұрғанын айтты. Оның айтуынша, қазақстандық боксшы жеңіске жету үшін алдымен "Канело", кейін төрешілерді сосын Де Ла Хойяны жеңуі керек екен. 

Жарнама

Живи спортом!