K9PIIWlIsBm6GYlmHVNsW0C2gshMhbjleSG8KMrF
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Головкиннің бапкері Федор Чудиновті де жаттықтыратын болды

Головкиннің бапкері Федор Чудиновті де жаттықтыратын болды
Федор Чудинов. Сурет: allboxing.ru
Екінші орта салмақтағы WBA International белбеуінің иегері ресейлік Федор Чудинов өзінің келесі кездесуіне АҚШ жерінде Абель Санчестің қол астында жаттығуы мүмкін. Бапкер ресейлік боксшыны жаттықтыруға келісім берген, деп хабарлайды "Р-Спорт" порталы. 

"Келесі кездесу туралы әлі нақты ақпарат жоқ. Америкаға Абель Санчеспен дайындалуға ұшуым керек еді. Жекпе-жектің уақыты белгілі болғанда, АҚШ-қа барамын ба, жоқ па анықталады. Келесі кездесуіме Абель Санчестің қол астында жаттығуым мүмкін. Бұл туралы Умар Кремлев Мурат Гассиевтің Сочидегі жекпе-жегінен кейін келісп қойды. Санчес мені жаттықтыруға келісім берді", - деді Чудинов. 

Ресейлік боксшы британдық Джордж Гроувзпен екінші рет кездесуге ниетті екенін де айтты. Гроувзбен ол 2017 жылы WBA (Super) белбеуін сарапқа салып, жеңіліп қалып еді. "Гроувз мен Крис Юбенк арасындағы кездесуді көрдім. Гроувзға мен жеңілгенмін. Ал Юбенкке ағам жеңілді. Екеуміз үшін де есе қайтарғым келеді. Сондықтан Гроувзбен екінші рет кездесуді қалаймын. Оған бұл кездесу қызық па? Білмеймін. Қазір ол чемпион. Енді маған оның деңгейіне жету керек. Бұл өмір", - деді Чудинов. 

"Әлем чемпионы атанып, алға жылжығым келеді. Кәсіпқой боксшылар 36 жасқа дейін жұдырықтасады. Ал менің жасым 30-да. Менің негізі әлі уақытым бар. Қазір промоутерлерімді асықтырып жатқаным жоқ. Бізде барлығы ретімен келе жатыр", - деді ол. 

Еске салайық, Чудинов 3 ақпан күні Сочиде фин боксшысы Тимо Лайнеден үстем түскен еді. Ол жекпе-жекке ресейлік боксшы Михаил Алоян мен Ресей құрамасының бапкері Эдуард Кравцов дайындаған. 


Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар