auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкиннің Астанадағы жекпе-жегі 17 шілдеде өтпеуі мүмкін

Головкиннің Астанадағы жекпе-жегі 17 шілдеде өтпеуі мүмкін
©commdiginews.com
Бүгін, 3 сәуір күні Астана қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі Берік Маржықбаев Головкин келесі кездесуін 17 шілде күні, Астанада қаласында өткізеді деген болатын. Тіпті бұл жекпе-жекті өткізу үшін ол қол қойыпты да. Жекпе-жек "Астана Арена" стадионында өтеді. Ал отандасымыздың қарсыласы британдық боксшы болады. Бірақ нақты кім екені белгісіз. Осы орайда Vesti.kz порталы не үшін Головкиннің жекпе-жегі 17 шілде күні өтпейтінін анықтап көрген еді.

Геннадий Головкин кәсіпқой бокс шаршы алаңында 37 кездесу өткізіп, оның барлығында жеңіске жеткен. 33 кездесуде қарсыластарын сұлатып салған. Қазіргі уақытта оның еншісінде төрт ұйымның чемпиондық белбеуі бар. Отандасымыз АҚШ жеріндегі бірінші кездесуін 2012 жылдың 1 қыркүйегінде өткізген. 

2015 жылдан бастап ол мұхиттың арғы жағында үлкен атаққа қол жеткізіп, оның жекпе-жектері ақылы жүйе (PPV сатылы) бойынша көрсетіле бастады. Өзінің соңғы кездесуін ол 2017 жылдың 18 наурызда өткізіп, америкалық Дэниэл Джейкобсты төрешілердің шешімі бойынша жеңген еді. 

Кәсіпқой бокста бұған дейін өткізген отандасымыздың жекпе-жектері демалыс күндері болған. Головкин карьерасында ешқашан дүйсенбі күні шаршы алаңға шықпаған. Ал үлкен келісімшарттарға қол жеткізгеннен бастап, оның жекпе-жектері тек демалыс күндеріне қойылып жүрді. Бұл боксшы үшін де, көрермен, телеарна үшін де өте қолайлы күн. Ең бастысы - қазір Головкиннің HBO телеарнасымен келісімшарты бар. Кейбір дереккөздердің мәліметі бойынша, келісімшарт бойынша қазақстандық боксшы тек демалыс күндері жекпе-жек өткізуі керек екен. 

Ал бүгін Маржықбаев айтқан күні - дүйсенбіге келіп отыр. Яғни, 17 шілде - дүйсенбі. Сондықтан да Головкиннің командасы бұл күні жекпе-жек өткізеді дегенге үлкен күмәнмен қарауға болады. Оның үстіне спикер жекпе-жек туралы толық ешқандай мәлімет таратпады. 

Еске салайық, бұған дейін Головкиннің Астанада өткізетін жекпе-жегінде Билли Джо Сондерс келуі мүмкін деп айтылған болатын. Жекпе-жек 10 не 17 тамыз күні өтеді деп айтылды. 





Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама