Қазақстандық кәсіпқой боксшы Али Ахмедов өзінің келесі кездесуінде екінші орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді, деп жазады Vesti.kz порталы.
Бұл ақпаратты Бүкіләлемдік бокс ұйымы (IBO) растады.
Ахмедов келесі кездесуін 18-желтоқсан күні Холливуд (Флорида штаты, АҚШ) қаласында өткізеді. Бұл бокс кешінің басты жекпе-жегінде қазақстандық Геннадий Головкин мен Камиль Шеремета шаршы алаңға шығады.
25 жастағы Ахмедовтің қарсыласы 31 жастағы эквадорлық Карлос Гонгора болады. Ол кәсіпқой бокста 18 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 13 кездесуінде Гонгора қарсыласын нокаутпен жеңген. Жекпе-жек 12 раундқа жоспарланып отыр.
Профи-бокс
5 желтоқсан 2020 13:25
Головкиннің андеркартында шығатын Али Ахмедов әлем чемпионы атағына таласатын болды
Сурет: instagram.com/ali_akhmedov_officialpage