Профи-бокс
24 желтоқсан 2020 16:21
 
Головкиннен оңбай таяқ жеген британдық боксшы карьерасын аяқтады

  Пікірлер

blog.share

Головкиннен оңбай таяқ жеген британдық боксшы карьерасын аяқтады Мартин Мюррей мен Геннадий Головкин. Сурет: vk.com/ggolovkin

Орта және бірінші орта салмақта әлем чемпионы атағына бұрынғы үміткер болған британдық боксшы Мартин Мюррей карьерасын аяқтады. Бұл туралы BBC хабарлап отыр. 

Боксшының айтуынша, ол чемпиондық белбеуге қол жеткізе алмаса да, карьерасына риза екен. 

"Карьерамды аяқтап жатқанымды айтқым келеді. Бокс маған өте көп тәжірибе берді. Мен әрбір кездесуімде бар күшімді салып жұдырықтастым. Қол жеткізген жетістіктеріме ризамын. Көптеген жастарға үлгі бола алдым деген үміттемін. Мен маңдай тердің арқасында өмірді өзгертуге болатынын дәлелдедім. Барлықтарыңызға рақмет", - деді Мюррей. 

Кәсіпқой бокста Мюррей 46 кездесу өткізіп, 39 айқаста жеңіске жетіп, алтауында жеңілсе, бір кездесуде қарсыласымен тең түскен. Британдық боксшы бес рет әлем чемпионы атағына үміткер болған. 

2015 жылы ол қазақстандық Геннадий Головкинмен кездесіп, 11 раундта нокаутпен жеңілді. Кездесу барысында үш нокдаун алған айқаста ол бірінші рет карьерасында нокаутпен жеңілді. 

Соңғы рет ол чемпиондық белбеуге 5-желтоқсан күні отандасы Билли Джо Сондерске қарсы кездесуде таласты. Бірақ бұл кездесуде де ол төрешілердің шешімі бойынша жеңіліп қалды. 

Жарнама

Живи спортом!