Профи-бокс
7 ақпан 2018 14:14
 
Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуіміз әбден мүмкін - Сауль Альварес

  Пікірлер

blog.share

Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуіміз әбден мүмкін - Сауль Альварес © univision.com

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) үшінші кездесу өткізу әбден мүмкін екенін алайда екінші кездесудің қорытындысын күту керектігін айтты.

"Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуіміз әбден мүмкін. Бірақ екінші жекпе-жектің қалай аяқталатынын көру керек. Бірінші жекпе-жектен соң Головкинмен бірталай келіссөз жүргізілді, міне шаршы алаңда қайта жүздесетін болдық. Көрерменге осы кездесу ұнайды деп сенемін", - деді Альварес BoxingScene басылымына.

Головкин мен Альварес 2018 жылы 5 мамырда шаршы алаңда қайта кездеседі. Олар бірінші рет 2017 жылы 16 қыркүйекте Лас-Вегаста кездеске еді. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.

Жарнама

Живи спортом!