23 жастағы Мунгия орта салмақта бір ғана кездесу өткізген. Ол биыл 11 қаңтарда ирландиялық Гэри О'Салливанмен (30-4, 21 КО) кездесіп, нокаутпен жеңіске жеткен.
Ал 36 жастағы Джонсон болса соңғы рет өткен жылдың 18 шілдесінде жұдырықтасты. Ол кездесу ирландиялық Джейсон Куиглидан (18-1, 14 КО) үстем түскен еді.
Джонсон негізі орта салмақта IBF белбеуінің басты үміткері болып, 2015 жылы қазақстандық Геннадий Головкинмен кездесуге жақын болды. Бірақ ол жарақат алып қалды. Оның орнына Доминик Уэйд (20-1, 14 КО) шығып, Головкин оны екі раудта нокаутқа түсірді.
2018 жылы қазақстандық боксшымен Мунгияға жұдырықтасуы керек еді. Бірақ бұл кездесуге Калифорнияның атлетикалық комиссиясы рұқсат бермеді. Себебі, ол кезде Мунгия әлі тәжірибесіз болатын.