Супер орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль Альварес (57-1-2, 39 KO) 2022 жылы кез-келген боксшымен кездесуге дайын. Оның басты мақсаты - тарих жасау.
Ол соңғы сұқбаттарының бірінде, 2021 жыл өміріндегі ең кереметі екенін айтты.
"Мен үшін керемет жыл болды. Өмірімдегі ең жақсы жыл болған шығар. Мен үйлендім. Боксқа та көп табысқа жеттім.
Кіммен жұдырықтассам да, маған бәрібір. Шынымды айтайын, бәрібір. Кез-келген қарсыласпен жұдырықтасуға дайынмын. Эдди Хирн не дейді? Мен кез-келген жағдайға дайынмын. Тек мықтылармен кездесіп, тарих жасағым келеді. Қарсыласым кім болатыны қызық емес. Барлығымен жұдырықтасамын", - деп келтіреді "Канелоның" сөзін vRINGe.com порталы.
Сондай-ақ "Канело" Головкинмен үшінші рет кездесуге де дайын екенін мәлімдеді.
Еске салайық, бұл боксшылар осыған дейін екі мәрте кездесті. 2017 жылы қыркүйекте өткен айқас тең аяқталса, бір жылдан кейінгі жекпе-жекте мексикалық боксшы жеңіске жетті.