Профи-бокс
12 тамыз 2020 13:24
 
Головкинмен жаттығып жүрген боксшы Тайсон-Джонс андеркартында жұдырықтасады

  Пікірлер

blog.share

Головкинмен жаттығып жүрген боксшы Тайсон-Джонс андеркартында жұдырықтасады Сурет Джектің Instagram парақшасынан алынды.

Екінші орта және жартылай ауыр салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы Баду Джек (22-3-3, 13 КО) келесі кездесуін 28 қараша күні Майк Тайсон мен Рой Джонс арасындағы жекпе-жектің андеркартында өткізетінін айтты. 

Швециялық боксшының қарсыласы 33 жастағы америкалық Блейк Маккернан (13-0, 10 КО) болады. Джек бұл жекпе-жектен алған гонорарын қайырымдылық қорына бермек. 

Соңғы рет Джек 2017 жылы жеңіске жеткен еді. Ол кезде британдық боксшы Нэйтан Клеверлиді нокаутқа түсірген. Ал 2018 жылдың мамыр айында швед боксшысы WBC белбеуінің иегері канадалық Адонис Стивенсонмен кездесіп, тең түсті. 2019 жылы ол амеиркалық Маркус Браун мен Жан Паскальдан ұтылып қалды. 

Осы жылдың наурыз айында 36 жастағы Джек Джонатан Бэнкс деген бапкермен бірге жұмыс істей бастады. Айта кетейік, бұл бапкер қазақстандық Геннадий Головкинді де жаттықтырады. 

Жарнама

Живи спортом!