Головкинмен емес! "Канелоның" алдағы кездесуде кіммен шығатыны анықталды

Сауль Альварес. Фото: onlinegambling.com©

Екі салмақ бойынша әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес өзінің келесі кездесуін екінші орта салмақтағы WBA Super белбеуінің иегері британиялық Каллум Смитпен кездесетін болды,- деп хабарлайды ESPN Deportes порталы. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, Альварес пен Смит арасындағы кездесу AT&T Stadium (Арлингтон, Техас штаты, АҚШ) спорт кешенінде өтуі мүмкін. Бұл жекпе-жек Эдди Хирн (Matchroom Boxing) ұйымдастырып, DAZN көрсететін жекпе-жек кешінде өтеді.

Аталған кездесуде WBA Super, The Ring және бос тұрған WBC белбеуі сарапқа салынады. 

Айта кетейік, дәл осы спорт кешенінде "Канело" 2016 жылы Каллум Смиттің бауыры Лима Смитті жеңген болатын. 

Жалпы мексикалық боксшы соңғы рет шаршы алаңға өткен жылдың қараша айында шығып, ресейлік Сергей Ковалевті жеңді. Осылайша ол жартылай ауыр салмақта WBO белбеуін жеңіп алды. 

Каллум Смит те соңғы рет өткен жылдың қараша айында жекпе-жек өткізіп, Джон Райдерден үстем түсті. 



 

Метки:
Жаңалықтар