Головкинмен бірге жаттыққан боксшы нокаутпен жеңіске жетті

Джо Джойс. Фото: fr24news.com

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін ұлыбританиялық боксшы Джо Джойс кәсіпқой бокстағы кезекті кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Оның неміс Михаэль Валлишқа қарсы өткізген айқасы Лондондағы жекпе-жек кешінің басты кездесуі болды. Екінші раундта британдық боксшы қарсыласын бір нокдаунға түсіріп алды. Ал үшінші раундта Валлиш тағы рет нокдаун алды. Содан соң төреші жекпе-жекті тоқтатты. 

Жеңілістің кермек дәмін татпаған 34 жастағы Джойс үшін бұл 2020 жылдағы бірінші кездесуі еді. Жалпы ол кәсіпқой бокстағы 11 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Тоғыз рет қарсыластарын нокаутқа жіберген. 

Еске салайық, кәсіпқой боксқа Джойс 2016 жылғы Олимпиада ойындарынан кейін бір жылдан соң ауысты. Бұл Олимпиадада Джойс қазақстандық Иван Дычкодан жартылай финалда жеңілген болатын. 

Айта кетейік, Джойс бір кездері Головкинмен бірге Абель Санчемтің қол астында жаттықты. Қазір ол да Санчеспен жұмыс істемейді. 





 

Метки:
Жаңалықтар