Профи-бокс
21 наурыз 2017 19:53
 

Головкинге қарсы жекпе-жекте мен жеңілмедім - Джейкобс

  Пікірлер

blog.share

Головкинге қарсы жекпе-жекте мен жеңілмедім - Джейкобс

Америкалық Дэниэл Джейкобс (33-2, 29 КО) қазақстандық WBA (Super), IBO, WBC және IBF белбеулерінің иесі Геннадий Головкинге (37-0, 33 КО) қарсы өткізген жекпе-жегі туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Негізі ашулы боксшыларды ұнатпаймын, бірақ жекпе-жекті үш-төрт мәрте қайталап көргеннен соң өзімнің жеңгеніме көзім жетеді. Маған қарсы әділетсіздік жасады. Болашақты болжағанды ұната бермеймін, алайда барлығыңыз білетіндей Головкин мен "Канело" жекпе-жегіне үлкен ақша бәске тігілді. Көптеген адамдар осы жекпе-жекті асыға күтуде. Осы себептер біздің кездесудің тағдырына әсерін тигізді. Жекпе-жек барысында мен соңына дейін жұдырықтасып, оны шегінуге мәжбүрледім. Сол себепті мен жеңілмедім. Әлемдегі ең үздік орта салмақтағы боксшы мен екеніме сенемін. Головкинге қарсы қайта жұдырықтасқым келді. Алайда Головкин мен оның командасы бірден келісімін береді дегенге сенбеймін. GGG - тамаша боксшы, бірақ ол рингте қорқыныш ұялатады деген сенімім жоққа шықты", - дейді Джейкобса.

Айта кетейік, Нью-Йорк қаласында орта салмақта WBA (Super), IBO, IBF және WBC тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин WBA regular чемпионы Дэниэл Джейкобсты 12 раунд нәтижесінде ұпай санымен тізе бүктірген еді.

blog.share
Америкалық Дэниэл Джейкобс (33-2, 29 КО) қазақстандық WBA (Super), IBO, WBC және IBF белбеулерінің иесі
Геннадий Головкинге (37-0, 33 КО) қарсы өткізген жекпе-жегі туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Негізі ашулы боксшыларды ұнатпаймын, бірақ жекпе-жекті үш-төрт мәрте қайталап көргеннен соң өзімнің жеңгеніме көзім жетеді. Маған қарсы әділетсіздік жасады. Болашақты болжағанды ұната бермеймін, алайда барлығыңыз білетіндей Головкин мен "Канело" жекпе-жегіне үлкен ақша бәске тігілді. Көптеген адамдар осы жекпе-жекті асыға күтуде. Осы себептер біздің кездесудің тағдырына әсерін тигізді. Жекпе-жек барысында мен соңына дейін жұдырықтасып, оны шегінуге мәжбүрледім. Сол себепті мен жеңілмедім. Әлемдегі ең үздік орта салмақтағы боксшы мен екеніме сенемін. Головкинге қарсы қайта жұдырықтасқым келді. Алайда Головкин мен оның командасы бірден келісімін береді дегенге сенбеймін. GGG - тамаша боксшы, бірақ ол рингте қорқыныш ұялатады деген сенімім жоққа шықты", - дейді Джейкобса.

Айта кетейік, Нью-Йорк қаласында орта салмақта WBA (Super), IBO, IBF және WBC тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин WBA regular чемпионы Дэниэл Джейкобсты 12 раунд нәтижесінде ұпай санымен тізе бүктірген еді.

Жарнама

Живи спортом!