Пожалуйста, подождите...Укажите emailУкажите имя или псевдонимУкажите парольДля регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообществаДля редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайтеУкажите корректный Emailmaterial_dobavlen_v_izbrannoeДобавить в избранноеУбрать из избранногоПароли не совпадаютЗадайте пароль для входа на сайтХороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символовСпасибо за Ваш голос!Добавить +1Убрать +1Выберите вариант ответа
Головкинге қарсы екінші кездесу өткізуге қорқамын - Альварес шіркеуде "шындығын" айтты
Мультипликатор Моджахед Фудалиат бокс тақырыбына арналған кезекті туындысын ұсынды. Бұл жолы Фудалиат мексикалық боксшы Сауль Альварестің Рим Папасымен кездескен сәтін көрсетіп, кенеттен Геннадий Головкин келіп қалса, қалай болатынын елестетіп көрді.
Видеода Альварес Рим Папасы Францисктің алдында тізе бүгіп, батасын алады. Бір кезде ойда жоқта Геннадий Головкин «Big drama show» деп шыға келеді. Мексикалық боксшы бірден Папаның артына тығылады. Сосын шіркеуге қашып, дін қызметшісімен сөйлесетін күркеге кіреді. Сол жерде «тәубеге келіп», Головкинмен реванш өткізуге қорқатынын айтады. Бірақ арғы жағынан тағы да Головкин шығады.
Айта кетейік, 16 қыркүйекте екі боксшы арасында бірінші жекпе-жек өткен болатын. Төрешілердің шешімімен екеуі де тең түсті. Алайда танымал боксшылар мен сарапшылар ол шешіммен келіспейді. Себебі Аделаида Берд деген төрешінің есебі мүлдем ойға қонымсыз болып шықты.
Жарнама