auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкинді тығырыққа тіреп, реваншқа көндіргім келеді - Джейкобс

Головкинді тығырыққа тіреп, реваншқа көндіргім келеді - Джейкобс
Дэниэл Джейкобс пен Геннадий Головкин. © NY Daily News
Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (32-2, 29 КО) орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннен (37-0, 33 КО) реванш алуға ниетті.

"Реванш болады деп үміттенемін. Осы ісімді жалғастырып, жеңіске жете берсем "Ей, Головкин! Басқа таңдауың жоқ! Сен бұл жігітке реванш бермей карьераңды аяқтай алмайсың" деген сөздер айтылады", - дейді ол.

Сонымен қатар, америкалық қазақстандықты тығырыққа осылайша тіреймін деп есептейді. "Бұл - бокс, менімен жұдырықтасқысы келмейтінін айта салуы да мүмкін. Бірақ оның бұлай жасамайтынына іштей сенемін. Бірақ осы ісімді жалғастыра берере болсам, ол реванш өткізуге мәжбүр болады", - деді Джейкобс Fighthype.com басылымына берген сұхбатында.

Еске салайық, бұл екі боксшы биыл 18 наурызда Нью-Йоркте кездескен еді. Джейкобс төртінші раундта нокдаунға түскен, қорытындысында жекпе-жек 12 раундқа дейін созылып, төрешілер жеңісті бір ауыздан Головкинге берген. Джейкобс қазақстандықпен 12 раунд бойы жұдырықтасқан тұңғыш боксшы болды.

Ал кейін Головкин сұхбаттарының бірінде Джейкобсты бірінші нокдауннан кейін жеңсе, қазір мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-1, 34 КО) жұдырықтасу мүмкіндігі болмауы мүмкін еді дегенді айтқан еді. Айта кетейік, қазақстандық мексикалықпен 16 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында жұдырықтасады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жарнама

Жарнама

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама