auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкинді "қорқақ Боратқа" теңеген Сондерске ескерту жасалды

Головкинді "қорқақ Боратқа" теңеген Сондерске ескерту жасалды
© MikeTyson.com
Орта салмақта WBO чемпионы Билли Джо Сондерс (24-0, 12 КО) WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді (37-0, 33 КО) тағы да мазақ етті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Өткен аптада Сондерс пен оның промоутері Фрэнк Уоррен Головкиннің командасына жекпе-жекті өткізу үшін келісімшартқа қол қою үшін дедлайн орнатты. Сонымен қатар, британиялық боксшы Головкинген "ауызын жауып, жекпе-жекке келісімін беруді" және "келісімшартқа қол қоюға қалам таппай жүрсе, өзінікін беруге дайын екенін" айтқан болатын.

Бұл жолы Сондерс Головкиннің жеке басына тиісіп, масқаралайтын жазу жазылған жейдені көрсетті. Сондерс бұл жейдені кездейсоқ бір ер адамның бергенін айтады. Жейденің алдыңғы жағында былай деп жазылған - "GGG - қорқақ Борат. Сондерспен жекпе-жекке шық".

Badlefthook.com порталы мұндай мазақ ету әрекеттері Головкиннің келісімшартқа тезірек қол қойып жекпе-жекке шығуына ықпал ететінін және Сондерске бұл ауыр тиюі мүмкін екенін жазды.

"Осындай әрекеттерге барған соңғы адам - Кертис Стивенс болатын. Ол Головкинді жерлеп жатқан көрініс етіп көрсетті. Головкиннің оның бұл әрекетіне салқынқандылық танытып, шаршы алаңда сазайын берді. Стивенстің нокаутқа түскен сәті соңғы жылдардың ең естеқаларлық сәті болды.



Еске салайық, қазақстандық боксшы бүгін, 19 наурызда Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобсты ұпай айырмасымен жеңген болатын.

Айта кетейік, инсайдерлік ақпарат бойынша, БАҚ беттерінде Головкин - Сондерс жекпе-жегі Астанада 17 маусымда EXPO-2017 халықаралық көрмесі күндері өтетіні хабарланды. Қазақстандық боксшы мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жек қыркүйекте өтеді деп болжанады, алайда келіссөздер әлі де жүріп жатыр.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама