Головкин ізбасары атанған өзбек нокаутшы экс-чемпионмен жекпе-жекке шығады

Сурет: Showtime
Жартылай орта салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы Риджис Прогрейс (24-1, 20 КО) алдағы кездесуіне мықты қарсылас іздестіріп жатыр. Кей дереккөздерің мәліметі бойынша, алда америкалық боксшының қарсыласы Өзбекстан елінің өкілі Шохжахон Эргашев (18-0, 16 КО) болуы мүмкін, деп жазады vRINGe.com.

BoxingScene порталы боксшылардың промоутерлері Лу ДиБелла (DiBella Entertainment) мен Дмитрий Салита (Salita Boxing) келіссөзді бастап кеткенін жазады. Бірақ, бұл кездесуді ұйымдастыру үшін екі тарапқа жекпе-жекті көрсететін телеканал табуы керек. 

"Бұл осы салмақта ұйымдастыруға болады деген ең мықты кездесулердің бірі. Екі боксшы да жас. Екеуі де өз салмағында үздік екенін дәлелдегісі келеді", - дейді Салита. 

Бұған дейін Прогрейс DAZN сервисінде WBO Морис Хукермен (27-1-3, 18 КО) кездесу өткізу үшін келіссөз жүргізіп жатыр еді. Бірақ Хукер кездесуден бас тартты. Өйткені, оның Showtime арнасымен келісімшарты бар. 

Эргашектің промоутері өзінің сұқбаттарында боксшыны орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) орнын басатын боксшы деп айтқан болатын. 





Жаңалықтар