BoxingScene порталы боксшылардың промоутерлері Лу ДиБелла (DiBella Entertainment) мен Дмитрий Салита (Salita Boxing) келіссөзді бастап кеткенін жазады. Бірақ, бұл кездесуді ұйымдастыру үшін екі тарапқа жекпе-жекті көрсететін телеканал табуы керек.
"Бұл осы салмақта ұйымдастыруға болады деген ең мықты кездесулердің бірі. Екі боксшы да жас. Екеуі де өз салмағында үздік екенін дәлелдегісі келеді", - дейді Салита.
Бұған дейін Прогрейс DAZN сервисінде WBO Морис Хукермен (27-1-3, 18 КО) кездесу өткізу үшін келіссөз жүргізіп жатыр еді. Бірақ Хукер кездесуден бас тартты. Өйткені, оның Showtime арнасымен келісімшарты бар.
Эргашектің промоутері өзінің сұқбаттарында боксшыны орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) орнын басатын боксшы деп айтқан болатын.