eZF6Z1fiwPZQ2jL4ccaWLWoQWQt7zTCjGh8KS0OJ
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкин тамыз айында Сондерспен жекпе-жек өткізуге ниетті болыпты

Головкин тамыз айында Сондерспен жекпе-жек өткізуге ниетті болыпты
Round By Round Boxing
Орта салмақтағы WBA (Super), IBO және WBC тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Генадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) промоутері Том Леффлер ESPN басылымына берген сұқбатында отандасымыз егер мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) жекпе-жекпен келісе алмаса, қосалқы жоспары бар екенін айтты. 

Леффлердің айтуынша, олар орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы британдық Билли Джо Сондерспен (26-0, 12 КО) тамыз айына келісіп қойыпты. 

Бірақ Головкиннің командасы "Канеломен" кездесуге келісті. Олардың кездесуі 15 қыркүйек күні бірінші жекпе-жек өткен Лас-Вегастағы (Невада штаты) T-Mobile спорт кешенінде өтеді. Айқасты НВО арнасы ақылы (PPV) жүйе бойынша көрсетеді. 

"Күннің ортасында "Канеломен" келіспеген еді. Сол үшін Сондреспен келіссөз бастауға кіріскенбіз. Біз Билли Джомен тамыз айында жекпе-жек өткізуге келісіп те қойдық. Бірақ біз британдық боксшының командасына "Канело" маңызды екенін ашық айттық. Дегенмен де Головкин Билли Джомен де кездесуге дайын", - дейді Леффлер. 

Еске салайық, Сондрес 23 маусым күні отандасы Мартин Мюррейге қарсы кездесуі керек болатын. Бірақ 3 маусым күні жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты. Дәл сол күні Сондерс Twitter парақшасында ескі шартты қабылдап, Головкинмен кездесуге дайын екенін жаздыү 






Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жарнама

Жарнама

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама