VO3Q3e9bUvNGk2DdBOXocGUjZBjBB7r7Wsm1h1nB
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкин-Сондерс жекпе-жегі туралы БАҚ-та айтылса, осы бағытта жұмыс жүріп жатыр деген сөз - промоутер

Головкин-Сондерс жекпе-жегі туралы БАҚ-та айтылса, осы бағытта жұмыс жүріп жатыр деген сөз - промоутер
Белгілі қазақстандық промоутер Болат Манкенов Vesti.kz тілшісіне қазақстандық Геннадий Головкин мен ұлыбританиялық Билли Джо Сондерстің Астанада жекпе-жек өткізуі қаншалықты мүмкін екендігін айтып берді.

"Головкинге жетпей тұрған WBO белбеуі Сондерсте. Сондықтан мұндай кездесуді Астанада өткізу орынды. Бұл атаулы оқиға болар еді, алайда, келісімшарт болмайынша мұның бәрі қауесет болып қала береді. Қазақта сөз бар: "Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды". Егер БАҚ бетінде бұл әңгіме тарап жатса, бұл бағытта қозғалыс басталды деген сөз. Джейкобспен жұдырықтасқаннан кейін ресми мәлімдеме болуы мүмкін", - деді Манкенов.

Сонымен қатар, промоутер бұл жекпе-жектің қаржылық тұсына да тоқталып өтті.

"Егер командалар келіссе, шығынның бәрін Қазақстанға іледі. Бұл үлкен индустрия, сондықтан олар да демеушілер тартады да, мұндай деңгейдегі оқиғаны ұйымдастыру біздің мойнымызға ғана артылмайды. Былтыр бізге HBO өкілдері келіп,  "Астана Аренаға" риза болып қайтқан. Жекпе-жек Қазақстанда өтсе, "Астана Аренадан" артық жер жоқ. Ал оның ЭКСПО аясында өтетіндіктен ине шаншар орын болмасы анық. Мен Гена осы жекпе-жекті  Астанада өткізгенін қалаймын. Бұл бокс тарихына енетіндей әлемдік деңгейдегі оқиға болар еді", - дейді промоутер.

Мұның алдында БАҚ бетінде Головкин мен Сондерс алдағы жазда Қазақстанда өтетін жекпе-жектің мән-жайын талқылады деген ақпарат тараған болатын.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жарнама

Жарнама

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама