auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкин - Сондерс жекпе-жегі Астанадан гөрі Лондонда өткені тиімді - Беленький

Головкин - Сондерс жекпе-жегі Астанадан гөрі Лондонда өткені тиімді - Беленький
Жекпе-жек әлемінде танымал ресейлік маман әрі блогер Александр Беленький Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Геннадий Головкин мен Билли Джо Сондерс арасындағы кездесудің Астанадан гөрі Лондонда өткені тиімді екенін айтты. Сонымен қатар, ол EXPO-2017 халықаралық көрмесі күндері Головкинге кімдердің қарсылас бола алатынын мәлімдеді.

"Головкин мен оның командасы Сондерстің көптеген айыптаулары мен мазақ етуіне салқынқандылық танытуын жақсы түсінемін, себебі олар қарапайым әрі сабырлы жігіттер. Олар кез келген үндеуге жауап беруге асықпайды. Мексикалық боксшы Альварестың айтып жүргені де көп, бірақ "маған тиісіп жатыр, жауап қайтаруым керек деп" асыққан Головкинді көрмейміз. Мен бұл жағдайға ешқандайда күмәнмен қарамаймын.

Головкин үшін Астанада жекпе-жек өткізген әрине тиімді. Бірақ ол егер жекпе-жекті Лондонда өткізетін болса, көбірек назар аударылатын еді. Кездесу Астанада өтетін болса, уақыт айырмашылығына байланысты оны көп адам көре алмауы мүмкін. Бұл өз кезегінде рейтингке әсерін береді. Бұл жерде таяқтың екі ұшы бар, екі нұсқада да тиімді әрі тиімсіз жақтары бар.

Меніңше Головкинмен қазіргу уақытта жақсы қаражаты бар кез-келген боксшы жекпе-жек өткізе алады. Ең қызықты жекпе-жек болуы үшін Генаның қарсыласы дакөп емес. Бірақ Крис Юбенк, Билли Джо Сондерс және Сауль "Канело" Альварес оның басты қарсыластары болып саналады. Қалған жекпе-жектердің басында-ақ Головкиннің жеңімпаз болатынын білуге болады. Бұл менің ойым, қандайда бір интрига болғаны дұрыс. Джейкобспен реваншқа түссе олда қызықты болар еді", - дейді ресейлік маман.

Еске салайық, қазақстандық боксшы 19 наурызда Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобсты ұпай айырмасымен жеңген болатын.

Айта кетейік, инсайдерлік ақпарат бойынша, БАҚ беттерінде Головкин - Сондерс жекпе-жегі Астанада 17 маусымда EXPO-2017 халықаралық көрмесі күндері өтетіні хабарланды. Қазақстандық боксшы мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жек қыркүйекте өтеді деп болжанады, алайда келіссөздер әлі де жүріп жатыр.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жарнама

Жарнама

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама