Головкин Шереметамен жекпе-жегі үшін қанша ақша тапты?

Сурет: boxingscene.com/
Boxingscene журналисі Лайл Фицсиммонс қазақстандық боксшы Геннадий «GGG» Головкиннің (41-1-1, 36 КО) поляк Камил Шереметамен жекпе-жегі үшін қанша қаржы алғанын жариялады.

Фицсиммонстың айтуынша, Головкин 7 миллион доллар тапқан.

Бір күннен кейін Каллум Смитті жеңген Сауль «Канело» Альварес 20 миллион доллар гонорар алды.

Еске салайық, 19 желтоқсан күні Головкин Шереметаны жеңді. Жекпе-жек барысында GGG қарсыласын төрт мәрте нокдаунға жіберді. Жетінші раундтан кейін Камилдың командасы шайқасты жалғастырудан бас тартты.
Метки:
Жаңалықтар