19-желтоқсан күні (Қазақстан уақытымен( Холливуд (Флорида штаты, АҚШ) жерінде орта салмақтағы IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) польшалық Камил Шеремета (21-0, 5 КО) арасындағы өтетін бокс кешіне қатысатын барлық боксшылар анықталды,- деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Бұл бокс кешінің басты айқасында GGG өз белбеуін 21-рет қорғайды. Шаршы алаңға шығатын қалған жұптар мынадай:
Али Ахмедов (16-0, 12 КО) - Карлос Гонгора (18-0, 13 КО) - екінші орта салмақ. IBO белбеуі сарапқа салынады.
Чой Хен-ми (17-0-1, 4 КО) - Калиста Сильгадо (19-11-3, 14 КО) - екінші жартылай жеңіл салмақ. WBA Super белбеуі сарапқа салынады.
Джон Райдер (28-5, 16 КО) - Майк Гай (12-5-1, 5 КО) - екінші орта салмақ;
Джалан Уолкер (6-0, 6 КО) - Рафаэль Райс (18-11, 14 КО) - жартылай жеңіл салмақ;
Решат Мати (8-0, 6 КО) - Деннис Окот (4-4-1, 2 КО) - жартылай орта салмақ.
Нұр-Сұлтан уақытымен бұл кездесу 19-желтоқсан күні 04:00-де басталады. Головкин мен Шеремета шамамен 07:00-де шаршы алаңға шығады.
Профи-бокс
11 желтоқсан 2020 18:09
Головкин - Шеремета андеркартында кімдердің шығатыны толық анықталды
Сурет: DAZN