bkBUfoeLGH6WTYNh4neblIWvMQlE8iH0jTFZ6f8a
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Головкин салмағын ауыстыруға ниетті

Головкин салмағын ауыстыруға ниетті
©boxingnews24.com
Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинн (37-0, 33 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен" жекпе-жекті ұйымдастыра алмаса, салмақ дәрежесін ауыстырмақ. Бұл туралы қазақстандық боксшының бапкері Абель Санчес Boxing News 24 порталына берген сұхбатында айтып берді. 


"Орта салмақтағы барлық белбеуді иеленгеннен кейін, бұл салмақта қалудың еш мәні жоқ. Егер Билли Джо Сондерске қарсы маусымға жоспарланып отырған жекпе-жек өтсе, онда Головкин ары қарай салмақ қосуды көздеп отыр. Егер біз Геннадий мен "Канело" арасында жекпе-жек өткізу туралы келісімге келсек, онда Альвареспен жұдырықтасамыз. Алайда жоспарымыз жүзеге аспаса, екінші орта салмаққа ауысамыз", - дейді Санчес.

Ал Boxingnewsresults.com порталының тілшісі Эрик Томас болса екінші орта салмаққа ауысса, тактикасын қалай өзгертетіні туралы жазыпты. 

"Екінші орта салмақта Головкинге шамалы ширақ қимылдау керек болады. Өйткені, 168 фунттағы боксшылардың салмағы ауыр, денесі ірі. Сондықтан Головкинге көбірек қысым жасау керек. Себебі, оның қарсыластары қашықтықты сақтап жұдырықтасатын болады. Екінші орта салмақтағы қазіргі чемпионар Джеймс Дигейл, Хильберто Рамирес және Тайрон Цойге. Джордж Грувс - Федор Чудинов арасындағы кездесудің жеңімпазы WBA (Super) чемпионы атанса, Каллум Смит пен Энтони Диррел арасындағы жекпе-жекте жеңген боксшы бос тұрған  WBC ұйымының чемпиондық белбеуін алады. Бұлардың барлығы да қазақстандық боксшы үшін мықты қарсылас болмақ. Жылдамдықтың аздығы мен аяқтың қозғалысы Головкинге бұл боксшылардан үстем түсу үшін қиындықтар туғызады. Өйткені, ол боксшылардың барлығы да жылдам", - деп жазыпты ол өз материалында. 


Ставки на спорт!
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар