Профи-бокс
12 қаңтар 2017 11:52
 

Головкин ресейлік пе, әлде Джейкобс жаңылды ма?

  Пікірлер

blog.share

Головкин ресейлік пе, әлде Джейкобс жаңылды ма? ©boxingscene.com

Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (36-0, 33 КО) өтетін кездесуде жеңіске жету үшін бар білгенін ортаға салатынын айтып, отандасымызды ресейден шыққан жан алғыш деді. 

blog.share

Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (36-0, 33 КО) өтетін кездесуде жеңіске жету үшін бар білгенін ортаға салатынын айтып, отандасымызды ресейден шыққан жан алғыш деді. 

«Головкинмен жекпе-жек - спорттағы мансабымның шыңы. Атынан ат үркетін адамның қарсыласым болғанына қуаныштымын. Мен ешқашан оңай жолды таңдамағанмын, таңдағым да келмейді. Бұл кездесуде жеңіске жету үшін менің зор мүмкіндігім бар.

Бруктің соққылары нашар болды. Британдық боксшыға қарсы өткізген кездесуде Головкин қорғанысында осал жерлері бар екенін көрсетіп қойды. Енді мен бұл қателіктерді мен өз ыңғайыма пайдаланып, Ресейден келген жан алғышты орнына қоямын», - дейді Джейкобс The Los Angeles Times басылымына берген сұхбатында.

Джейкобстың осы сұхбатынан кейін жанкүйерлер арасында Головкиннің қай елдің боксшысы туралы тағы да әңгіме шыға бастады. Қызу талқы АҚШ жерінде болып жатыр. Ал, Азия мен Еуропа жұртшылығы Головкиннің Қазақстаннан шыққанын жақсы біледі.

Негізі Головкинді жұртшылық ресейлік деп атап отырған кезі бірінші рет емес. Мәселен, өткен жылы Ресейдің "Газета.Ru" деген басылымы да отандасымызды ресейлік боксшы деп атаған болатын.

Мүмкін, бұл жолы Джейкобс расында жаңылған шығар. Бірақ, америкалық боксшыға Головкиннің көмекшілері ескертіп қою керек секілді. Әйтпесе, Дэниэл алдағы әр сұхбатында біздің біздің батырды «ресейлік» деп айта беруін тоқтатпауы да ықтимал.  

Айта кетейік, Головкин мен Джейкобс арасындағы жекпе-жек 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді.

 

 

Жарнама

Живи спортом!