Головкин өзін әйгілі Мохаммед Алимен теңестірді
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (57-2-2, 39 КО) өтетін үшінші кездесу туралы ойымен бөлісті. Отандасымыз әңгіме барысында өзін әйгілі Мохаммед Алимен теңестірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

"Канеломен" үшінші кездесудің өтетінін білгенде не сезіндім? Әрине, жақсы көңіл-күйде болдым. Бұл тарихи кездесу болады. Қазіргі уақытта кей боксшылардың екінші кездесуі қатты қызық емес. Ал біз үшінші мәрте кездесеміз.
Егер өзімді салыстырып айтатын болса, бұрын Мохаммед Алидің (Кен Нортон және Джо Фрейзермен) трилогиялары болды. Әйгілі боксшылар. Осыған қарап өзімнің бокс әлемінде қаншалықты сұранысқа ие екенімді көремін. Өткен шақтағы әйгілі боксшылар секілді", - деді Головкин SerEbro EnlosDeportes YouTube арнасына берген сұқбатында.
Айта кетейік, Головкин мен "Канело" арасындағы үшінші айқас 17 қыркүйек күні Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile Arena спорт кешенінде өтеді.
Жарнама