auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкин Олимпиаданың финалында жеңілген қарсыласымен кездесті

Головкин Олимпиаданың финалында жеңілген қарсыласымен кездесті
Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) Ресейдің Сочи қаласында өтіп жатқан Халықаралық бокс форумында 2004 жылы Афины Олимпиадасының финалында жеңілген қарсыласы Гайдарбек Гайдарбековпен кездесті, деп жазады Vesti.kz порталы. 

Ғаламторда Головкин, Гайдарбеков және Ресей бокс федерациясының бас хатшысы Умар Кремлевтің суреті шықты. Олар басқа да Халықаралық бокс форумының қатысушылармен бірге Ұлы Отан соғысында мерт болғандарға арнап гүл шоқтарын қойып тұр. 







Еске салайық, Головкин 2014 жылғы Афины Олимпиадасының финалдық жекпе-жегінде Гайдарбековтен 18:20 есебімен жеңіліп қалған еді. Ол кезде отандасмыздың жасы 22-де болатын. Ал ресейлік боксшы 28-де еді. Бұл жекпе-жектен кейін Гайбарбеков бірден карьерасын аяқтап кетті. Ал Головкин болса екі жыл әуесқойлар арасында жұдырықтасып, 2006 жылы кәсіпқой боксқа ауысты. Қазір қазақстандық боксшы орта салмақтағы WBC, WBA (Super), IBF және IBO белбеулерінің иегері. 



Бұл Гайдарбеков үшін Олимпиаданың екінші жүлдесі еді. Ол 2000 жылы Сиднейде өткен төртжылдықтың басты додасының финалында кубалық Хорхе Гуттьерестен жеңіліп, күміс жүлде иеленген. Сонымен қатар ол 2004 жылы бокстан Еуропа біріншілігін жеңіп алған. Қазір Олимпиада ойындарының чемпионы Дағыстанда спорт министрінің орынбасары қызметін атқарады. 

2017 жылы L'Equipe басылымына берген сұқбатында Головкин Олимпиададағы жеңіліс әуесқой бокстағы ең сәтсіз кезеңінің бірі деп атады. "Шын айтамын, мен Олимпиаданың алтынына лайықты болдым", - деген еді ол кезде боксшы. 

Халықаралық бокс форумы Сочи қаласында 1 және 4 ақпан аралығында өтеді. Бұл жиында бірінші рет кәсіпқой бокстағы ең беделді WBA, WBC, WBO және IBF ұйымдардың басшылары жиналады. Сонымен қатар бұл отырысқа Халықаралық әуесқойлар бокс ассоциясы AIBA) мүшелері қатысады. Головкин кәсіпқой бокстың атынан сөз сөйлейді. Одан бөлек бұл жиынға Бақтияр Артаев және Бақыт Сәрсекбаев секілді Олимпиадада топ жарған қазақ боксшылары шақырту алыпты. Сонымен қатар бұл жиынға танымал промоутер Оскар Де Ла Хойя да келеді деп күтілуде. 

Бұл жиын барысында сондай-ақ әр ұйымның промоутерлерінің отырысы да болады.

Жиын барысында World Boxing Super Series (WBSS) жобасының жартылай финалдық кездесуі өтеді. Онда ресейлік Мурат Гассиев (25-0, 18 КО) пен кубалық Юниер Дортикос (22-0, 21 КО) кездеседі. "Большой" спорт кешенінде өтетін бұл кездесуде боксшымен IBF және WBA (Regular) белбеулеріне таласады.

Айта кетейік, Гассиев пен Головкин соңғы жылдары Big Bear (Калифорния штаты, АҚШ) лагерінде танымал маман Абель Санчестің қол астында жаттығады








Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама