Профи-бокс
14 ақпан 2017 14:31
 
Головкин мен Сондерс EXPO-2017 кезінде Астанада жұдырықтасуы мүмкін

  Пікірлер

blog.share

Головкин мен Сондерс EXPO-2017 кезінде Астанада жұдырықтасуы мүмкін

"Астана EXPO-2017" баспасөз қызметі қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен Билли Джо Сондерс арасындағы жекпе-жек Астанада 10 маусымда өтеді деген ақпаратқа байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Әзірге ештеңе нақты айта алмаймыз. Келіссөздер жүргізіліп жатыр, нақты бір мәліметтер жақын арада белгілі болады", - деді "Астана EXPO-2017" баспасөз қызметі

Еске салайық, осы жекпе-жекке қатысты келіссөздер алдыңғы айдан бері жүргізіліп келеді. БАҚ мәліметінше Головкин мен Сондерс жазда жекпе-жекті Қазақстанда өткізуді келіскен.

Сонымен қатар, ESPN журналисі Фернандо Барбоза Головкин - Сондерс жекпе-жегі қай уақытта өтетінін айтты. Оның айтуынша, бұл кездесу Қазақстанда 10 маусымда өтеді.

Айта кетейік, Головкин өзінің кезекті жекпе-жегін 18 наурызда Нью-Йорк қаласында өтеді. Ол орта салмақта WBA чемпионы Дэниэл Джейкобспен (32-1, 29 КО) шаршы алаңда жұдырықтасатын болады.

Жарнама

Живи спортом!