Профи-бокс
4 желтоқсан 2020 14:39

Головкин мен Шеремета кездесуі өтпей қалуы мүмкін. Польшалық боксшының бапкері коронавирус жұқтырды

Камил Шеремета. Сурет: Sport-Super Express©

Орта салмақта өнер көрсететін Камиль Шереметаның ресейлік бапкері Федор Лапин коронавирус жұқтырды. Бұл туралы Fightnews.com порталы хабарлап отыр. 

Лапин Шереметадан бөлек тағы бір польшалық боксшы Кшиштоф Гловацкиді де жаттықтырады. Ол да коронавирус жұқтырыпты. Енді оның 12-желтоқсан күні Лондонда WBO белбеуі үшін британдық Лоуренс Околиге қарсы жекпе-жегі де өтпей қалуы мүмкін. Бұл айқас Джошуа мен Пулев арасындағы айқастың андеркартында болуы керек еді. 

Айта кетейік, 18-желтоқсан күні Холливуд (Флорида штаты, АҚШ) Шеремета қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жек өткізу керек. Бұл кештің басты жекпе-жегі болып, 12 раундқа жоспарланған кездесу болу керек еді. 

Ал осы кештің андеркартында тағы бір қазақстандық боксшы, Али Ахмедов те шаршы алаңға шығады. 12 раундқа жоспарланған бұл кездесуде оның қарсыласы эквадорлық Карлос Гонгора болады.