Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 35 КО) польшалық Камил Шеремета (21-1, 5 КО) жекпе-жек барысында қанша соққы жасағаны анықталды,- деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
Головкин мен Шеремета арасындағы кездесу 19-желтоқсан күні АҚШ-та өтіп, жетінші раундта қазақстандық боксшының пайдасына аяқталды. Жетінші раунд аяқталған соң польшалық боксшының командасы кездесуді жалғастырудан бас тартты. Оған дейін Камил төрт рет нокдаунға түскен болатын.
Бұл кездесуде Головкин чемпиондық белбеуін 21-рет сәтті қорғады. Осылайша ол атақты Бернард Хопкинстің рекордын бұзды. Америкалық бұған дейін белбеуін 20-рет қорғаған болатын.
Compubox ақпараты бойынша, жеті раундта Головкин 554 соққы жасапты. Оның 228-і (41 пайыз) дәл тиген. Отандасымыз 317 джеб соққысын (30 пайызы дәл тиген) және 237 ауыр соққы (57 пайызы дәл тиген) жасапты.
Өз кезегінде Шеремета 327 рет соққы жасап, оның 59 (18 пайыз) дөп тиген. Ол 192 джеб (5 пайыз), 135 (36) жойқын соққы жасаған.
Профи-бокс
19 желтоқсан 2020 15:10
Головкин мен Шеремета жекпе-жек барысында қанша соққы жасағаны айтылды
Сурет: MatchroomBoxing