Головкин мен Шеремета бірінші рет бетпе-бет кездесті

Сурет: instagram.com/daznboxing

Орта салмақтағы IBF және IBO белбеуінің иегері қазақстандық Геннадий Головкин мен польшалық боксшы Камил Шеремета бірінші рет бетпе-бет кездесті,- деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Коронавирусқа байланысты боксшылар дистанция сақтап, қашықтықтан бетпе-бет кездесті. 



Еске салайық, жекпе-жек 18-желтоқсан күні АҚШ жерінде өтеді. Ал Қазақстан уақытымен кездесу 19-желтоқсан күні таңертең өтеді. Бұл айқаста отандасымыз 21-і рет өз белбеуін қорғайды. 

 

Метки:
Жаңалықтар