Головкин мен Муратаның айқасы қайда және қашан өтетіні белгілі болды

©DAZN

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен жапониялық Риота Мурата арасындағы айқас сәуір айында өтетін болды, деп хабарлайды vRINGe.com порталы RingPolska басылымына сілтеме жасап. 

Жекпе-жек Сайтама (Жапония) қаласында өтеді. Дереккөздің ақпараты бойынша, жапониялық боксшының промоутерлері ұсынысты жергілікті бокс комиссиясына жіберіп, енді жауап күтіп отыр. Ал Головкин болса ұсынысты қабыл алған. Отандасымыз командасында адамдар санын 11-ге дейін қысқартып, Жапонияда карантиннен өтуге дайын. 

Головкин 2022 жылы екі кездесу өткізеді. Қарсыластары да белгілі

Негізі бұл кездесуде желтоқсан айында сол Сайтама қаласында өтуі керек еді. Бірақ Жапонияда коронавирустың "омикрон" штаммы өршіп, карантин шаралары күшейіп, айқас кейінге шегерілді. 

Еске салайық, Головкин соңғы рет 2020 жылдың желтоқсан айында шаршы алаңға шықты. Нью-Йоркте өткен айқаста ол Камиль Шереметаны (21-1, 5 КО) жеңіп, 21 рет белбеуін қорғап қалды. 

35 жастағы Мурата болса соңғы рет тіпті 2019 жылдың желтоқсан айында шаршы алаңға шығып, Стивен Батлерден (28-3-1, 24 KO) айласын асырды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар