Головкин мен Мурата арасындағы айқас нешеде басталатыны анықталды

©espn.com

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен WBA "суперчемпионы" жапониялық Риота Муратаның (16-2, 13 КО) айқасы нешеде басталатыны анықталды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Қазақстандық пен жапониялық арасындағы айқас 9 сәуірде Сайтама қаласындағы Saitama Super аренасында өтеді. 

Инсайдер Майк Коппинджердің мәліметі бойынша, жекпе-жек кеші Жапония телеарнасындағы прайм-тайм уақытында басталады. Ал басты айқас жергілікті уақыт бойынша 22:20-те бастау алады. Ал қазақстандық жанкүйерлер бұл кездесуді Нұр-Сұлтан уақыты бойынша кешкі 19:20-де көре алады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар