Бокс туралы жазатын Boxingjunkie.usatoday.com порталы орта салмақта IBO және IBF чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен осы дивизионда WBA белбеуінің иегері жапониялық Риото Мурата (16-2, 13 КО) арасындағы жекпе-жекке болжам жасады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Басылым бұл кездесуде GGG нокаутпен жеңіске жететінін жазады. Өз болжамында олар отандасымыз жапон боксшысын сегізінші раунда нокаутқа түсіретінін жазған.
Айта кетейік, Головкин мен Мурата арасындағы кездесу 9 сәуір күні Сайтама (Жапония) қаласында өтеді.
Егер бұл кездесуде Головкин жеңіске жететін болса, онда ол қыркүйек айында мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (57-1-2, 39 КО) кездесу өткізуі мүмкін.