auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкин мен Мартиросян бокс кешінің андеркартында жұдырықтастаны боксшылар өзгерді

Головкин мен Мартиросян бокс кешінің андеркартында жұдырықтастаны боксшылар өзгерді
Сурет WBC ресми сайтынан алынды.
Төрт салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы және P4P (салмақ дәрежесіне қарамай жасаласатын) рейтингінің бұрынғы көшбасышысы никарагуалық Роман "Чоколатито" Гонсалес (46-2, 38 КО) 5 мамыр күні Лос-Анджелес (Калифорния штаты, АҚШ) қаласының маңындағы Карсон қалашығындағы StubHub Center орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен америкалық Ванес Мартиросян (36-3-1, 21 КО) арасында өтетін бокс кешінде өнер көрсетпейтін болды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Бұған дейін Гонсалестің өзін және оның командасы қарсыластың анықталмағанына байланысты жекпе-жек кешінде өнер көрсетуден бас тартқаны белгілі болған еді. БАҚ мәліметі бойынша, никарагуалық боксшыға бірінші жеңіл салмақтағы WBC белбеуінің бұрынғы иегері Педро Гевара (30-3-1, 10 КО) қарсылас болуы керк еді. 

WBC кеңесі Головкин мен Мартиросян кездесуіне арнайы жасаған белбеуді көпшілікке таныстырды

Гонсаластің қатысуымен өтетін кездесу кештің екінші басты жекпе-жегі болуы керек еді. Енді кештің екінші басты кездесуінде қазіргі уақытта жалғыз әлемнің абсолютті чемпионы, норвегиялық бұрымды боксшы Сесилия Брекхус (32-0, 9 КО) пен орта салмақтағы WBC белбеуінің бұрынғы иегері Кали Рейс (13-6-1, 4 КО) арасындағы кездесу болмақ. Бұл қыздар арасындағы НВО арнасындағы бірінші кездесу болмақ. 

Сонымен қатар осы уақытқа дейін жеңілістің кермек дәмін татпаған жеңіл салмақта өнер көрсететін америкалық Райан Мартиннің (21-0, 12 КО) қарсыласы өзгерді. BoxingScene порталының мәліметі бойынша, оның қарсыласы колумбиялық Брейдис Прескот (31-12, 22 КО) болады. Жекпе-жек он раундқа жоспарланып отыр. Негізі бұған дейін Мартиннің қарсыласы мексикалық Роберто Рамирес (17-2-1, 12 КО) болады деген ақпарат шыққан. Ал кездесу сегіз раундта жоспарланған тұғын. 

Головкин Мартиросянмен өтетін жекпе-жектің промо ролигін жариялады

Қазіргі уақытта бокс кешінде өнер көрсететін тағы бір жұп анықталды. Олар жартылай орта салмақта өнер көрсететін америкалық Брайан Себальо (1-0, 1 КО) мен Нам Фан (3-5-1, 2 КО) арасындағы кездесу. Жекпе-жек төрт раундқа жоспарланған. 

Сондай-ақ бұл бокс кешінің андеркартында жеңіліп көрмеген мексикалық Хайме Мунгуйе (28-0, 24 КО) шаршы алаңға шығады. Бірақ оның қарсыласы әлі анықталған жоқ. 

Мартин биылдан бастап тұрақты түрде Головкинмен бірге Big Bear лагерінде жаттығып жүр. Бұл Мартин үшін Головкиннің андеркартындағы үшінші кездесуін. Осы уақытқа дейін ол наурыз айында Джейкобспен кейін "Канелоға" қарсы кездесуде де шаршы алаңға шыққан.




Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
2 сәуір, 16:02
Кәсіпқой бокс
©instagram.com/janibek_alimkhanuly Top Rank Жәнібекке үн қатты

Жарнама

Жарнама