auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Головкин мен "Канелоның" жеңімпазы кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды

Қазақстандық боксшы мен мексикалық боксшы арасындағы кездесу 16 қыркүйекте өтеді.

Головкин мен "Канелоның" жеңімпазы кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды
© deadspin.com
Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) 16 қыркүйек күні бірінші орта салмақтағы WBO тұжырымының чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-1, 34 КО) кездесу өткізетіні белгілі. 

Бұл екі боксшының жекпе-жегіне әлі төрт ай болса да қазірдің өзінде Головкин мен "Канелоның" кездесуінде жеңіске жеткен боксшыға міндетті қарсыласы анықталып қойды. Ол Багам аралдарының өкілі Туреано Джонсон (20-1, 14 KO) мен украиналық Сергей Деревянченко (10-0, 8 KO). Ал бұл жекпе-жекті мамыр айының басында Халықаралық бокс қауымдастығы (IBF) міндеттеген еді. 

Қазіргі уақытта Джонсон мен Деревянченконың командалары IBF-қа жекпе-жекті өткізетіндерін мақұлдады. Олардың промоутерлері жуық арада келіссөздерді бастайды. Кездесудің жеңімпазды қауымдастықтың рейтингінде көш бастайды. 

Екі боксшының промоутерлері арасындағы келіссөздер 7 маусымға дейін аяқталып, содан кейін жекпе-жектің саудасы басталуы керек. Егер қандай да бір мәселеген байланысты бір боксшының командасы келіссөздерден бас тартса, онда IBF рейтингінен шығып қалады. Бүгінде Джонсон рейтингтің бірінші сатысында болса, Деревянченко екінші орынға жайғасқан. Одан бөлек, бұл жекпе-жекке дейін екі боксшыға да басқа кездесу өткізуге тиым салынған. 

Негізі Джонсон 2015 жылы IBF тарапынан Головкиннің міндетті қарсыласы болған еді. Бірақ Багам аралдарының боксшысы ол кезде жарақат алып қалды. 

Ал Головкин - Альварес жекпе-жегіне келетін болсақ, бұл кездесу орта салмақ, яғни 160 фунтта өтеді. Кездесуде қазақстандық боксшының барлық белбеулері ортаға салынады. Екі команданың келген келісім бойынша, тек мексикалық боксшы жеңіліп қалса, екінші кездесу өткізуге құқығы бар екен. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар