Головкин мен "Канелоны" қазылық еткен төрешілер мексикалықтың Биволға қарсы айқасында жұмыс істейді

©Reuters

7 мамыр күні өтетін жартылай ауыр салмақтағы WBA белбеуінің иегері ресейлік Дмитрий Бивол (19-0, 11 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) арасындағы айқастың төрешілері белгілі болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бұл кездесу 12 раундқа жоспарланған. Жекпе-жек Лас-Вегас қаласында болады. 

Аllboxing.ru ақпараты бойынша, аталған айқаста үш америкалық төреші қазылық етеді. Олар - Тим Читэм, Дейв Моретти (екеуі де Невада штаты) және Стив Вайсфельд (Нью-Джерси). Шаршы алаңдағы төреші Россел Мора (Невада). 

Тізімдегі төрт төреші де осыған дейін Альварестің кездесулерінде жұмыс істеген. 

Тарқатып айтсақ, Мора "Канелоның" осымен төртінші жекпе-жегінде қазы болады. Ол Альварестің Сергей Ковалевқ, Калеб Плантқа қарсы кездесулерінде төреші болды. Сонымен қатар, Мора Биволдың Седрик Агньюмен болған кездесуінде төрешілердің қатарында отырды. 

Читэм болса Альварестің қатысуымен өткен бір кездесуде төрелік етті. Билли Джо Сондреске қарсы болған кездесуде ол 77-75 есебімен жеңісті мексикалыққа берді. Читэм осы уақытқа дейін Биволдың айқастарында төреші болмаған. 

Моретти де ресейліктің кездесулерінде жұмыс атқармаған. Ал Альварестің осымен 11 кездесуінде қазылардың қатарына жайғасады. 

Вайсфельд Биволдың Салливан Баррерамен өткен кездесуінде қазы болса, Саульдің төрт кездесуінде төреші қызметін атқарды. 

Еске салайық, бұл кездесуде Альварес жеңіске жететін болса, онда ол қыркүйек айында Геннадий Головкинмен кездес өткізуі мүмкін. Айтпақшы, Вайсфельд Головкин мен Альварес арасындағы екінші кездесуінде қазылық жасады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар