24 шілдеде Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласында өтетін аса ауыр салмақтағы WBC тұжырымының чемпионы Тайсон Фьюри (30-0-1, 21 КО) мен америкалық Деонтей Уайлдер (30-0-1, 21 КО) арасындағы айқастың төрешілері анықталды.
Бокс шолушысы Марк Раймондидің мәліметі бойынша, бұл кездесуде рингтің жанында америкалық төрешілер Тим Чэтем, Дэйв Моретти және Патрисия Морс Джарман жұмыс істейді.
Ал бас төреші америкалық Майкл Ортега болады. Ол соңғы рет мұндай деңгейдегі кездесуде он жыл бұрын қазылық еткен.
Бас төреші бұл айқастағы қызметі үшін 10 мың доллар алса, қапталдағы қазылар 8 мың доллардан алады.
Еске салайық, Уайлдер мен Фьюри осымен үшінші рет кездесейін деп жатыр. 2018 жылы Лос-Анджелесте өткен бірінші кездесу тең аяқталған еді. Ал 2020 жылы Лас-Вегаста Фьюри техникалық нокаутпен жеңді.
Айта кетейік, бұл кездесуде жұмыс істейтін Моретти Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес арасындағы екі кездесуде қазылық еткен. Бірінші айқаста ол 115-113 есебімен қазақстандық боксшының жеңісін тіркесе, екінші кездесуде 115-113 есебімен жеңісті мексикалыққа берді.