Головкин мен "Канело" кездесуі үшін Эль-классиконың уақытын өзгертеді

©twitter.com/BoxingNewsED

Футболдан Мексика чемпионатында "Америка" (Мехико) мен "Гвадалахара" арасындағы кездесудің уақыты Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен Сауль "Канело" Альварестің (57-2-2, 39 КО) кездесуі үшін өзгертілді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

17 қыркүйек күні Головкин мен "Канело" Лас-Вегастағы (Невада штаты, АҚШ) T-Mobile Arena спорт кешенінде үшінші кездесуін өткізеді. 

Eluniversal.com.mx порталының ақпараты бойынша, бұл кездесу Орталық Мексика уақыты бойынша 22:00-де (Нұр-Сұлтан уақаты бойынша 09:00-де) басталады. Ал 15-турға белгіленген Мексиканың Эль-классикосы бір сағат ерте, яғни 20:00-де басталатын болды. 

"Америка" мен "Гвадалахара" Мексикада ең көп чемпион атанған командалар. Біріншісі 13 мәрте, екіншісі 12 рет жеңген. Бұл командалар арасында тартыс 1943 жылдан бері өтіп келеді. Қазіргі уақытта "Америка" 25 ұпай жинап, турнир кестесінде бірінші орында келсе, 16 ұпай жинаған "Гвадалахара" сегізінші сатыда. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар