Профи-бокс
20 мамыр 2017 14:22
 

Головкин мен "Канело" жұдырықтасатын уақыты өзгермейді

  Пікірлер

blog.share

Головкин мен "Канело" жұдырықтасатын уақыты өзгермейді boxingscene.com сайтынан

Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес және қазақстандық Геннадий Головкин арасында өтетін жекпе-жектің уақыты өзгермейтінін қадап айтты. 

Соңғы уақытта UFC чемпионы Конор МакГрегор мен бес салмақ дәрежесі бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Флойд кіші-Мейвезер арасында жекпе-жектің өтуі мүмкін деген сыбыстар жиілеп кетті. 

Ертеректе UFC президенті аталмыш жекпе-жекті 16-шы қыркүйек күні өткізуді жоспарлаған. Алайда бұл күні Головкин - Канело күш сынасатын болғандықтан, жоспардың өзгергені туралы айтты.

"Жекпе-жектің өтетін уақыты өзгеруі мүмкін емес. Бүкіл әлем бұл кездесуді асыға күтуде. Жанкүйерлердің көптен бері қос боксшының шаршы алаңда  жұдырықтасқанын көргісі келген еді. Қыркүйекке дейін "Канело" да, Головкин де нағыз бабында болады. Бұл жекпе-жек бокс тарихының жаңа парағын ашады", - дейді Гомес ESPN Deportes арнасына берген сұхбатында.


blog.share
Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес мексикалық боксшы 
Сауль "Канело" Альварес және қазақстандық Геннадий Головкин арасында өтетін жекпе-жектің уақыты өзгермейтінін қадап айтты. 

Соңғы уақытта UFC чемпионы Конор МакГрегор мен бес салмақ дәрежесі бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Флойд кіші-Мейвезер арасында жекпе-жектің өтуі мүмкін деген сыбыстар жиілеп кетті. 

Ертеректе UFC президенті аталмыш жекпе-жекті 16-шы қыркүйек күні өткізуді жоспарлаған. Алайда бұл күні Головкин - Канело күш сынасатын болғандықтан, жоспардың өзгергені туралы айтты.

"Жекпе-жектің өтетін уақыты өзгеруі мүмкін емес. Бүкіл әлем бұл кездесуді асыға күтуде. Жанкүйерлердің көптен бері қос боксшының шаршы алаңда  жұдырықтасқанын көргісі келген еді. Қыркүйекке дейін "Канело" да, Головкин де нағыз бабында болады. Бұл жекпе-жек бокс тарихының жаңа парағын ашады", - дейді Гомес ESPN Deportes арнасына берген сұхбатында.


Жарнама

Живи спортом!