auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкин мен "Канело" IBF ережесі бойынша жекпе-жек күні салмақ өлшемейтін болды

Головкин мен "Канело" IBF ережесі бойынша жекпе-жек күні салмақ өлшемейтін болды
Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) IBF ережесі бойынша жекпе-жек күні салмақ өлшемейтін болды, деп хабарлайды Boxingscene.com порталы.

Сайттың таратқан мәліметі бойынша, өткен аптада Халықаралық бокс федерациясының  (IBF)  ережелеріне өзгеріс еніпті. Жаңа заң бойынша енді боксшылар жекпе-жек күні салмақ өлшемейді. Бірақ жекпе-жекке қатысатын боксшылар бекітілген салмақтан 10 фунтқа асып кетпеу керек. 

Дәл осындай ереже бойынша өткен аптаның соңында Теренс Кроуфорд пен Джулиус Индонго да жекпе-жек өткізді. Бұл кездесуде кәсіпқой бокс әлеміндегі белді деген төрт ұйымның (WBA, WBC, WBO және IBF) белбеулері сарапқа салында. Алайда екі боксшы IBF ережесі бойынша жекпе-жек күні салмақ өлшемеді.

"Мамыр айында Халықаралық бокс федерациясының отырысында біз бірнеше ережені өзгерттік. Олардың қатарында салмақ өлшеу мәселесі де бар. Енді боксшылар жекпе-жек күні міндетті түрде салмақ өлшемейді", - дейді IBF президенті Дэрил Пиплз Boxingscene.com порталына берген сұқбатында. 

Еске салайық, Головкин мен Альваресті допингтен VADA ұйымы тексерген. Еске салайық, бұл екі боксшы арасындағы жекпе-жек 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді. Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама