Профи-бокс
15 маусым 2018 12:01
 
Головкин мен "Канело" арасындағы кездесуге байланысты Уайлдер - Джошуа жекпе-жегі кейінге шегерілді

  Пікірлер

blog.share

Головкин мен "Канело" арасындағы кездесуге байланысты Уайлдер - Джошуа жекпе-жегі кейінге шегерілді youtube.com

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының промоутері Эдди Хирн аса ауыр салмақта әлі жеңіліп көрмеген WBC белбеуінің иегері америкалық Деонтей Уайлдер (40-0, 39 КО) ауыр салмақтағы WBA Super, IBF, WBO белбеулерінің иегері британдық Энтони Джошуа (21-0, 20 КО) арасындағы кездесу Головкин мен Альварес арасындағы екінші кездесудің өтуіне байланысты кейінге шегерілетіні туралы айтты, деп хабарлайды vringe.com порталы. 

"Біз Уайлдер мен Джошуа арасындағы кездесудің қыркүйек айында Уэмбли стадионында өткенін қалаған едік. Бірақ бұл идеядан бас тартып отырмыз. Біріншіден, біз Головкин мен "Канело" арасындағы екінші жекпе-жекпен бәсекелес болғымыз келмейді. Екіншіден, бұл кездесудің жарнамасын жасау үшін он апта аздау болып қалады. Сол үшін де біз қазір кездесуді қазан немесе қараша айында өткізуді ойластырып отырмыз" - дейді Хирн. 

Еске салайық, Головкин мен "Канело" арасындағы екінші кездесу 15 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтеді. Бұл боксшылар арасындағы бірінші кездесу өткен жылдың 16 қыркүйегінде T-Mobile спорт кешенінде өтіп, тең аяқталып еді.

Жарнама

Живи спортом!